Ақша айырбастау орындарында доллар арзандады
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 450- 455 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 450– 453,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 451 – 455 теңге аралығында құбылып тұр.
29 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3, 89 теңгеге төмендеп, 454, 74 теңге болған.
Ұлттық банктің 29 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 455, 00 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,94 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,75 – 6,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,8 — 5,87 теңгеден сатылуда.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз