«Ана тілі – асыл мұра»

     Қазақ тілі – қазақ мәдениетінің рухани қазынасы. Мемлекеттік тіл – мемлекетіміздің бүкіл аумағында қоғам қатысуының барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Мемлекет халық тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасауға қамқорлық жасайды.

Тіл – халықтың жаны, діні, рухы, елдік қасиеті, ұлттық болмысы. Осы асыл мұраны көздің қарашығындай сақтап, дамытып, өскелең ұрпаққа жеткізу баршамыздың тікелей парызымыз. Тәуелсіздіктің тірегі – ұлт тілі. Алланың адамзатқа берген сыйы – тіл. Ол қасиетті және құрметті. Оның жанды тартатын керемет күші бар. Бүкіл тіршілік тілде сияқты.

Тілдің мәртебесі – елдің мерейі. Ана тіліміздің мәртебесін көтеріп, еліміздің мерейін үстем етейік. Халық та, ел де тілсіз өмір сүре алмайды. Әлемге әйгілі ел болу үшін ана тіліміздің жұлдызын көтеруіміз керек. Бұл біздің басты жауапкершілігіміз.

Тіл – адамның ең ұлы туындысы. Тіл жоғалып кетсе, не болатынын елестету қиын еді. Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті – мемлекеттік тілді меңгеру. Тіл – халықтың мәдени байлығын, руханиятын дамытатын құрал. Халықтың ең үлкен құндылығы – оның тілі, ол сол тілінде жазады, сөйлейді, ойлайды. Тіл – ұлттық мұраны сақтайтын асыл қазына.

                     Теміртау қаласының

Орталық кітапхана жүйесінің

 кітапханашысы

Исабаева Болғанай Назарқызы

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз