Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова Теміртау қаласының ата-аналар қоғамымен кездесу өткізді

3 сәуірінде Теміртау қаласының тұрғындары үшін Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Г. С. Жүнісованың жеке қабылдауы ұйымдастырылды.


Қала тұрғындарының сұрақтарының басым бөлігі мектеп инфрақұрылымына – білім беру ұйымдарының ғимараттарына ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуге, санитарлық ережелер мен тамақтану нормативтеріне, оқушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға және мектеп қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға қатысты болды.

Жеке қабылдауға қатысушылардың барлық мәселелері бойынша қаланың білім беру ұйымдарының тиісті басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, басқарма басшысы ата-аналардың бірде-бір өтініші назардан тыс қалмайтынын және бәрі заң аясында кезең-кезеңмен шешілетінін атап өтті.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз