Қарағанды облысында биыл 900-ге жуық отбасы баспана алды
Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысының жоғары қарқыны сақталуда. Облыс орталығы ғана емес, моноқалалар мен аудандарда да үйлер салынуда. Әлеуметтік қорғалатын санаттағы 900-ге жуық отбасы жаңа пәтерлерге ие болды. Жыл соңына дейін Осакаровка мен Нұрада тағы бірнеше жартылай пәтерлі үйлер жалға беріледі.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету – өңірдегі басым міндеттердің бірі. Облыста 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Кезекте тұрғандарға арналған жаңа үйлер Қарағанды, Шахтинск, Абай, Балқаш, Қарқаралы, Шет ауданы Ағадыр кентінде салынды.
Сонымен қатар, барлық қалалар мен аудандарда кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін пәтерлер сатып алынады. Биылғы жылы Бұқар жырау ауданы, Теміртау және Саран тұрғын үйді сатып алу бойынша көшбасшылар үштігіне енді.
Тұрғын үй мәселесін шешуге жас отбасыларға, сондай-ақ кеншілер мен металлургтерге арналған жеңілдікті ипотека бағдарламалары да көмектеседі.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз