Қарағандыда тұрғын үйде газ баллоны жарылды

Бүгін Қарағанды қаласы Щорс көшесі 37 үйде газ баллоны жарылды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, оқыс оқиға сағат 18:51-де тіркелген. 

Құтқарушылардың дерегінше, 2 қабатты тұрғын үйде көлемі 5 литр болатын баллон жарылған. Оқыс оқиға салдарынан 2 қабаттағы №6 пәтердің қабырғалары қақырап, №4 және №5 пәтерлерге де зардап келген. Алдын ала болжам бойынша, 36 шаршы метр аумаққа зиян келген.

Жарылыс салдарынан 1970 жылы туған ер адам мен 1971 жылы туған әйел жарақат алып, облыстық медициналық орталыққа жеткізілді. Олар орта деңгейлі күйік жарақатын алған. Қазір жағдайлары қалыпты. Қаза тапқандар жоқ.

Оқиға орнында 36 құтқарушы мен 8 дана техника жұмыс істеді. Қалалық әкімдік өкілдері жарылыс болған кіре беріс тұрғындарын қауіпсіз орынға көшірген. Қазіргі таңда апат себептері анықталуда.

Қала әкімі Мейрам Кожуховтың айтуынша, тұрғын үйде жылу толық өшірілген. Ертең қалалық әкімдік өкілдері үйдің басқа бөлігіне жылу беруді қалпына келтірмек. Ал, апат болған кіре беріс түнгі уақытта жабық болады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Temirtau tynysy (@temirtau.tynysy)

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз