Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Robotime» көрмесі өтеді

Роботтар қалай құрастырылған және олар не істей алатынын Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырған Robotime көрмесінен тамашалауға болады. Экспозиция 17 қаңтарда бүкіл әлем атап өтетін балалар өнертабыстары күніне арналған.

Көрме қонақтары робототехника тарихымен және осы саладағы заманауи жетістіктермен танысады. Ал мұражай қызметкерлеріне бұл мәселеде Теміртау мен Қарағандыда жұмыс істейтін RoboClub робототехника және бағдарламалау мектебінің басшылары, педагогтары мен оқушылары көмектеседі. Жас өнертапқыштар өздерінің жетістіктері мен шеберлік құпияларымен бөліседі, сонымен қатар роботтардың мүмкіндіктерін көрсетеді.

Экспозицияда жұмыс істейтін жеті Робот моделі болады. Олар Lego конструкторларының бөлшектерін қолдана отырып, Arduino контроллері негізінде жасалған. Экспонаттардың әрқайсысы робототехника бойынша республикалық немесе халықаралық жарыстардың қатысушысы болып табылады.

Көрме 23 қаңтарда сағат 15.00-де ашылып, 23 ақпанға дейін жалғасады.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз