Қарағандылық палуандар республикалық турнирде жалпы есепте көш бастады
Спорт ардагері Серік Мамашевті еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнирде Қарағанды облысының палуандары 19 медаль жеңіп алды: 5 алтын, 4 күміс және 10 қола. Нәтижесінде бірінші жалпы командалық орын алды.
2006-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы біріншілік Қарағандыда өтті. Астана, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Ұлытау және Қарағанды облыстарынан 200-ге жуық спортшы қатысты. Олар сегіз салмақ дәрежесінде бақ сынасты.
Жарыстың бас төрешісі Абай Үмітбаев барлық спортшылардың жоғары деңгейі мен жақсы дайындығын атап өтті.
— Мен өзім Бұқар Жырау ауданында қазақ күресінен спортшыларды жаттықтырамын. Жастардың бұл спорт түріне деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Қарағанды облысы қазақ күресі бойынша үздік үштікке кіреді, — дейді Абай Үмітбаев. — Біздің ауданнан бұл турнирге 10 палуан қатысып, үшеуі медаль жеңіп алды.
Жалпы командалық есепте екінші орын Астанадан келген спортшыларға бұйырды. Үшінші орында Қызылорда облысының командасы.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз