Қарағандылықтар өздерін сайлаушылар тізімінен онлайн тексере алады
5 маусымда елімізде ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар еннізу бойынша жалпы республикалық референдум өтеді. Қарағанды облысының тұрғындары sailau09.kz және e-krg.kz сайттарындағы қатысушылар тізімінен өздерін тексере алады. Sailau09.kz сайт нұсқасы көру қабілеті нашар адамдар үшін қол жетімді.
Егер интернетті пайдаланып тізімдерде өзіңізді тексеру мүмкін болмаса, Senim109 бірыңғай үйлестіру орталығына қоңырау шалуға болады. Операторғп өз ЖСН немесе жеке куәлігіңіздің нөмірін айту қажет. Мұнда сіздің дауыс беру учаскеңіз қай жерде орналасқанын айтып, түсіндіріп береді.
Референдумға Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін дауыс беру кезінде 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады.
Облыс тұрғындарынан республикалық референдумға қатысуды сұрайды. Әркімнің дауысы маңызды!
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз