Осы ғасырда да бұл бірегей жануарлардың жаппай қырылуы орын алды. 2003 жылы киіктердің саны 20 мыңға дейін төмендеді.

«Қазақстанда киіктер популяциясын сақтау бойынша бұрын-соңды болмаған шаралар қабылданды. Бұл ретте киіктер көбіне-көп аз уақыт ішінде мал басын қалпына келтіру және көбейту қабілетіне байланысты Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмеген», — деді спикер.