Бүгінгі таңда шаруа қожалықтарының егістері мен жайылымдарын киіктердің таптауынан сақтау туралы мәселе өткір тұр. Фермерлер биылғы жылы киіктердің таптауынан келтірілген залалды 12 млрд теңге көлемінде бағалап отыр.

«Популяцияның тығыздығы өте жоғары. Киік басын тұрақты пайдалану туралы айтатын болсақ, біз оны жоюды емес, табиғатқа да, ауыл шаруашылығына да зиян келтірмейтіндей, ақылға қонымды реттеуді айтамыз», — деді комитет төрағасының орынбасары.