Қазақстанның әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатында құрамалардың топтарға қалай бөлінгенін жариялады.

Қазақстан В тобында Канада, Чехия, Латвия, Норвегия, Словакия, Словения және Швейцариямен ойнайды.

Турнир Финляндияның Тампере қаласында және Латвияның астанасы Ригада өтеді.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз