Бүгін Теміртауда ауа сапасы нашарлайды

 «Қазгидромет» РМК хабарлауынша, бүгін Теміртау қаласында ауа сапайы нашарлайды. Синоптиктердің болжамынша, 23 қаңтарда Теміртаумен қатар Қостанай, Жезқазған, Атырау, Ақтөбе, Астана және Алматы қалаларында  да қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз