Ботақара кентінде жарылыс болып, үй құлады
Бүгін түнгі сағат 00:07-де Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентінде екі қабатты үйдің 2-қабатта орналасқан №10 пәтерде жарылыс болып, бірнеше пәтер зақымданған. Жарылыс кезінде үйде 35 адам болған.
Құтқару жұмыстары кезінде 7 адам табылды. Бесеуі ауруханаға жеткізілген. Бір адамның хәлі ауыр. Екі адам қайтыс болған.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 8-7212-517223 сенім телефоны ашылды. 25 азаматқа жедел психологиялық көмек көрсетіліп, оқиға орнына жедел штаб құрылды.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз
Посмотреть эту публикацию в Instagram