Теміртаулық спортшы байдаркада жалғыз есуден үшінші орын алды

Біздің Кирилл Тубаевымыз Ханчжоуда (ҚХР) Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Теміртаулық спортшы байдаркада (1000 метр) жалғыз есуден үшінші орын алды. Бағдарламаның бұл түрінде жеңіске қытайлық Донг  Жанг жетті. Мәреге екінші болып өзбекстандық Шахриер Махкамов келді.  

Кирилл Тубаев 2001 жылы 10 шілдеде дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ескек есумен 2010 жылдан бері айналысады, арнайы бағыты – байдарка. Теміртау қаласындағы ескек есуден олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің тәрбиеленушісі, қазіргі кезде Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі. ҚР чемпионаттарының, кубоктарының және Азия біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. Енді міне, Азия ойындарының жүлдегері!

Кирилл Тубаевты және оның жаттықтырушылары-Романишко Антон Викторовичті, Егоров Евгений Владимировичті және Петров Владимир Александровичті жеңістерімен құттықтаймыз.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз