«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иновациялық шешімдер» атты жобалардың республикалық байқауы басталды

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ 25 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ИНОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР» АТТЫ ЖОБАЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ.
Байқауға барлық ниет білдіруші тұлғалар қатыса алады.
Байқау 4 бағыт бойынша екі кезеңде өткізіледі:
Бірінші бағыт — қоғамдық бақылау
Екінші – сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу
Үшінші — сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою
Төртінші — сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар.
Бірінші іріктеу кезеңі 2023 жылдың 25 қыркүйегінен 30 қазанға дейін өткізіледі. Байқаудың финалдық кезеңі 2023 жылдың 1 желтоқсанында Қарағанды қаласында өтеді.
Байқаудың қорытындысы бойынша үздік жоба авторлары ақшалай сыйақымен марапатталады, сондай-ақ жобаны жүзеге асыру үшін қаржылай-техникалық қолдау көрсетіледі.
Байқауға қатысу үшін өтінімдерді 2023 жылдың 30 қазанына дейін konkurs1424@mail.ru электронды поштаға жолдау қажет.
Қосымша ақпаратты 8 (701) 1864300, 8 (702) 4122906 телефондары арқылы алуға болады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Temirtau tynysy (@temirtau.tynysy)

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз