Франциядағы ереуіл: Лувр жұмысы тоқтады
Париждік Лувр ереуілдерге байланысты 27 наурызда ашылмады. Бұл туралы музейдің ресми өкілдері әлеуметтік желіде жазды, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Лувр қызметкерлері Париждің барлық тұрғындары секілді зейнет жасын көтеруге қарсы ереуілге шыққан.
Осыған дейін Ұлыбритания королі Карл III Эммануэль Макронның өтініші бойынша Францияға сапарынан ереуілдерге байланысты бас тартты.
Ұлыбританиялық монархтың сапары 26-29 наурызда жоспарланған еді.
Резонансты реформаға сәйкес зейнет жасы 62-ден 64-ке көтеріледі. Франция премьері Элизабет Борн зейнет жасы реформасының парламентте дауыс берусіз қабылданғанын жариялады, алайда енді ол басқарған үкіметке сенімсіздік вотумы жариялануы мүмкін.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз