Ұлттық мереке — Республика күнінің мәртебесі

«Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», деді Ұлытауда өткен алғашқы Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы.

Республика күні, 25 қазанда Қазақстанның мұқым халқының достығы, төзімділігі жеткен жетістігі,ұлттық стратегиялық мүддесі насихатталып, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын факторлар әлемге паш етілуі тиіс. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзге мемлекеттік мейрамдардан тарихы толы, мағыналы іс-шаралардың жалғасы ретінде танылған мереке және дәлелі толы, өзгешелігі де дәл осында жатыр.Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономиялық тұрғыдан дәйектелді.

Ұлттық Ұланның барлық өңірліктері мен құрамаларында 14 жылдан ұмыт қалған айтулы күн екінші мәрте аталып өтуде. Ұландықтарға ұлық күнді естеріне тағы да сала кету, ерлік пен елдікті көздеген ұлы мейрамды қайта жаңғырту.

Республика күніне арналған бөлімде бірнеше салтанатты іс-шаралар атап өткізілді. Мәдениет сарайында мерекелік концертке бөлімнің барлық жеке құрамы қатысып тамашалады, орталық кітапханаларда, мұражайларда, мектептер мен студенттер арасында құрметті қонақтары ретінде бөлімнің үздік және үлгілі офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілері және мерзімді қызметтегі сарбаздары шақырылып, жас буын ұрпаққа өнеге-өсиет берді. Сондай-ақ мереке қарсанында жауынгерлік даярлықтағы және қызметтегі жоғары көрсеткіштері мен көрсеткен жігерлігі мен әскери антқа адалдығы үшін Бас қолбасшының, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының, бөлім командирінің, қала мен аудан әкімінің бұйрықтарымен 50 шақты әскери қызметші марапатталып барлық офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ақшалай сыйақы алды.

Еліміздің,жеріміздің тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген қазіргі заманның батырлары бұл Ұлттық ұлан сапында тұрған жауынгерлер, күндіз-түні қырағылық танытып беккете мойынсынбайтандар, мезгіл мен ауа-райына қарамай қызмет етеін жас буындар. Отан қорғау үшін елінің, жерінің тарихын білу өте маңызды, сондықтанда алдыңғы шептен соңғы шепке дейінгі офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, сарбаздар қатарында тәрбие жұмыстары мен ақпараттандыру сағаттары оған қоса мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтары кезінде Республика күні тарихыкеңінен айтылып талқыға салынып, теледидар арқылы жеткізіліп отырады.

Осы орайда сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Еліміз мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне тілектеспін!

5516 әскери бөлімінің командирі

подполковник Данияр Усербаев

Теміртау қаласы

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз