Мектепке құжат қабылдау 1 сәуірде басталады
Қарағанды облысында бірінші сыныптарға құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталып, 1 тамызда аяқталады.
Биыл алты жасқа толатын және алты жастағы балалардың ата-аналары еgov.kz веб-порталы немесе e.bilimal.kz платформасы арқылы өтініш бере алады. жалпы білім беретін мектептерге балаларды қабылдау қызмет көрсету аумағы бойынша үшке бір қағидатына сай жүзеге асырылатын болады. Мысалы, үш бала тіркелу бойынша және біреуі тіркелусіз.
Бірінші сыныптарға өтініш беру үшін ата-аналар өтінішті, № 063/у, 026/у-3 нысанды медициналық анықтамаларды, 3х4 фотосуреттерді тапсыруы қажет.
«Мектептер бірінші сыныпқа алты жастағы балаларды және 2023 жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балаларды қабылдайды. Мектептерге қызмет көрсету аумағы бекітілген. Мектеп қабылдау кезінде даярлық деңгейіне қарамастан қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз етеді», – деп хабарлады Қарағанды қаласының білім бөлімінде.
Гимназиялар мен лицейлердің бірінші сыныбына қабылдау кезінде балалармен 15 маусымға дейін сұхбаттасу өткізіледі.
Қарағанды қаласының жалпы білім беретін мектептеріне, лицейлері мен гимназияларына қабылдау мәселелері бойынша 50-78-81 телефонына хабарласуға болады.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз