Пеш жағу барысында не нәрсеге тыйым салынады?

Теміртау қаласы ТЖ Басқармасының қызметкерлері 2-МӨСБ жеке құрамымен және «Шаңырақ» еріктілер орталығының еріктілерімен бірлесіп, мобильді құлақтандыру кешенін тарта отырып, халық көп жиналатын жерлерде халықпен профилактикалық іс-шаралар жүргізді. Сондай-ақ Ақтау кентінің тұрғын секторында жылу беру кезеңінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын сақтау бойынша рейдтер өткізіліп, жадынамалар таратылды. Рейд барысында халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде улы газ датчиктері орнатылды.

Осы орайда, жеке тұрғын үйлерді жылыту үшін пеш жағу барысында қатаң сақтаулы тиіс ережелер де айтылды. Тоқталып өтсек:

  • жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға;
  • жағуға дайындалған отынды пештің алдындағы параққа сақтауға;
  • қатты отынмен жанатын пештерді жағу үшін, жеңіл тұтанғыш және жаңғыш сұйықтарды пайдалануға;
  • Пештің есігі ашық болса жағуға;
  • Пештерді тым қыздыруға;
  • Жанғыш материалдарды пештер мен түтін мұржаларының үстінде 0,5 м
    аралықта келтіруге;

Ыс тиуден сақтану үшін түтін мұражас кем дегенде 3 айда 1 рет күйеден тазартылуы тиіс. Егер өрт шыққан жағдайда дереу «101» және «112» телефондарына қоңырау шалу қажет.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз