Электр сымдарының тұйықталуы салдарынан өрт болды

2023 жылғы 8 қарашада 14 сағат 30 минутта Жауыр көшесінде өрт орын алды — жалпы 30 ш.м ауданда тұрғын үйге жапсарлас орнатылған шаруашылық құрылыстың ағаш конструкциялары жанды. Өрт 15 сағат 19 минутта жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі- электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Осы орайда, Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы электр қондырғыларын пайдалану кезінде бірқатар ережелерді қатаң сақтауға шақырады. Атап айтқанда:
1) дайындаушы зауыттың нұсқаулығында жазылған қауіпсіздік талаптары бұзылған электр желілері мен электр энергиясын қабылдағыштарды қолдануға;
2 оқшаулағышы зақымданған немесе қорғағыш қасиеттері жойылған электр сымдары мен кабельдерін пайдалануға;
3) электр энергиясын қабылдағыштарды дайындаушы зауыт көздеген конструкция мен қорғау жүйелерін, оның ішінде бүлінген және бекітілмеген электр қондырғылары бұйымдарын пайдалануға;
4) конструкциясында көзделген жылу реттегіштер болмаған немесе ақау болған кезде электр қыздырғыш аспаптарын қолдануға;
5) электр үтіктерді, электр плиткаларын, электр шәйнектерін және басқа электр қыздыру аспаптарын дайындаушы зауыттың нұсқаулығында көзделген болса, өрттің шығу қаупін болдырмайтын арнайы тұғырықтарсыз (қоректендіру цокольдерінсіз, қыздырғыш дөңгелектерсіз) пайдалануға;
5) стандартты емес (қолдан жасалған) электр қыздыру аспаптарын қолдануға, калибрленбеген балқығыш ендірмелерді және шамадан тыс жүктеме мен қысқа тұйықталудан қорғайтын қолдан жасалған аппараттарды пайдалануға;
6) электр қалқандарының, электр қозғалтқыштарының және іске қосу аппаратурасының жанына өрт қауіпті және (немесе) жарылыс-өрт қауіпті заттар мен материалдарды орналастыруға (қоймалауға);
7) жарылыс қаупі және өрт қаупі бар аймақтарда дайындаушы зауыттың жарылыстан және (немесе) өрттен қорғау деңгейі мен түрінің белгілеуі жоқ электр жабдығын қолдануға жол берілмейді.
Өрт болғанда 101 және 112-ге хабарлаңыз!

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз