Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Бүгін әлем мұсылмандары үшін қасиетті Рамазан айы басталды. Осыған орай, ел Президенті  Қазақстан халқын Ораза айының басталуымен құттықтады.

«Қымбатты отандастар!

Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!

Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша.

Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғы­мас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл.

Ораза айы рухани тазаруға, мұқ­таж жан­дарға көмек қолын созып, қайырым­дылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адам­зат­т­ың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді.

Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан хал­қының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін.

Ораза қабыл болсын! Баршаңызға зор ден­­саулық, амандық, толайым табыс тілей­мін!», — делінген Президент құттықтауында.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз