Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған…

27 желтоқсан күні Жаңа 2024 жыл мерекесі қарсаңында Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Қарағандыдағы «Шапағат балалар үйінің» тәрбиеленушілеріне мейрам сыйлады.

Аталмыш шараны Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Берік Тоқтаров бастады. Шара барысында әскерилер балаларға Аяз ата мен Ақшақардың құттықтауын сыйлап, балалармен шырша айналып, әсем әуен айтып тәттіге толы сиқырлы қорапшаларын тарту етті.

«Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған, бүгінде біз балалар үйін жаңа жылдық мерекемен құттықтадық, сыйлықтар сыйлап, кішігірім мерекелік шара өткіздік, жыл сайын Ұландық жауынгерлер еліміздің әр қаласында осы тектес шараларға белсене қатысып әрдайым байланыста болады, барлығына мықты денсаулық, бақыт тілейміз, — деп полковник Берік Тоқтаров өз сөзімен бөлісті.

«Шапағат» балалар үйінің директоры Роза Тураровнаның айтуынша бүгінде Қарағанды облысы бойынша Шапағат балалар үйніде 62 тәрбиеленуші бар, солардың әрбіріне толық қамды көңіл бөлініп отырады.

«Осындай құрмет көрсетіп, әрдайым біздерді ұмытпай мерекелік, айтулы күндері көңіл бөлгендерге мың да бір рахмет, Ұлттық ұланның балаларға осындай мереке қарсаңында мейрам, көңіл күй сыйлағандары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз, — деп балалар үйінің директоры өз алғысын білдірді.

Мерекелік шара ұжымдық суретке түсумен тәмәмдалды.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз