Балаларға арналған мерекелік кеш

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы »Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімінің 8 жеке атқыштар ротасының офицерлері мен келісім шарт бойынша әскери қызметшілерінің балаларына арналған жаңа жылдық мерекелік кеш Жезказған қаласы Жезказған кафесінде өткізілді.

Іс-шара барысында бүлдіршіндердің көңіл күйлерін көтеру мақсатында түрлі ойындар ойнатылып, аяз ата мен ақша қар сыйлықтары табысталды. Іс-шара соңында 8 жеке атқыштар рота командирі капитан Өскенбай Абзал Даниярұлы ізгі тілектерін білдіріп, жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз