Жыл қорытындысы: жаңа жұмыс орындарын құру, жас кәсіпкерлерді қолдау, жалақыны, зейнетақыны және жәрдемақыны көбейту

Оған қоса Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша:

 

— 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы төлеу мерзімі 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды;

 

— 1 шілдеден бастап «Алтын алқа» немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендері табысталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін ұлғайтылды;

 

— 1 шілдеден бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі және асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды алушылар қайтыс болған жағдайда жерлеуге арналған біржолғы төлем мөлшері 15,7 АЕК-тен 35 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

 

● 1 қаңтардан бастап республикалық бюджеттен төленетін барлық жәрдемақының мөлшері 8,5%-ға көбейді. Бұл шамамен 2 млн адамға әсер етті.

 

Оған қоса 1 шілдеден бастап мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған адамдар үшін жәрдемақы мөлшері тағы 14,5%-ға ұлғайтылды. Бұл жәрдемақының жылдық мәнде 23%-ға өсуін қамтамасыз етті.

 

1 желтоқсандағы жағдай бойынша барлық жәрдемақы алушылардың саны шамамен 2 млн адамды құрайды. Төлемдерді жасауға 1 қаңтардан бастап барлығы 1,1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалды.

 

● 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ынтымақты зейнетақы 10,5%-ға өсті. Оған қоса Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-нан 60%-на дейін, ал ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қолданылатын ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Нәтижесінде 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 838 теңге болды.

 

1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда 2,3 млн зейнеткер бар. 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлеуге барлығы 3 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалды.

 

● Отбасының цифрлық картасы аясында табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға проактивті түрде әлеуметтік қолдау тағайындау енгізілді. Төлем тағайындалатын адамға SMS-хабарлама жіберіледі, ол жауап ретінде өз келісімін беруі қажет. Өтінішті рәсімдеу және жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін қаражат төлем алушының банк шотына аударылады.

 

 

 

Батыс Қазақстан облысында егде жастағы адамдарға арналған «Қамқор» белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. Мұнда зейнеткерлерге физикалық, психологиялық, медициналық қызметтер көрсетіліп, оқыту жүргізіледі, сондай-ақ заңгерлік консультациялар беріледі. Бүгінгі таңда орталыққа 180-ге жуық тұрғын барып тұрады.

 

● 1 желтоқсандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 113,6 мың отбасынан 595,7 мың адамға тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 65 млрд теңге бөлінді. АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз