Сарбаздар құрметіне салтанатты кеш өтті

28 қараша күні Әлихан Бөкейхан ауданы Жаңа Майқұдық Мәдениет сарайында Ұлттық ұлан 5451 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген 2-2022 шақырылым сарбаздарының құрметіне орай салтанатты кеш өткізілді.

Алғашқы болып құттықтау сөзін Орталық аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмаділов жеке бастап сарбаздарға ізгі лебізін білдірді.

Шара барысында әскери прокурор мен бөлім командирі подполковник Рауан Омаров әскери борышын үлгілі атқарғаны үшін, көрсеткен құлшынысы және запасқа түсуіне байланысты сарбаздарға “Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков, Қарағанды облысының полиция Департаменті, 5451 әскери бөлімінің командирінің бұйрықтары жеткізіліп, құрмет грамоталары табысталса, 9 сарбазға еліміздің жоғарғы оқу орындарына түсуіне сертификаттар табысталды.

Шара кезінде өздерінің ниет тілектерін білдіру үшін ардагер Бейсенбаева Марина Шаймуратовна мен 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғасының қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болған Ұлттық ұлан батыры қатардағы жауынгер Мадияр Қайсаровтың әкесі Оразалы Қайсарұлы да құрметті қонағы болып қатысып жауынгерлерді құттықтады.

Марапаттау рәсімі аяқталған соң салтанатты шара “Теміржолшылар” бірлестігінің өнерпаздарының орындауында концерттік бағдарламамен ұласты.

ҚР Ұлттық ұланының Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз