Спортшы Бейбіт Шүменовке мемлекетаралық іздеу жарияланды
«Спортшы Бейбіт Шүменов АҚШ-та болуы мүмкін. Қазіргі уақытта жеке нұсқау жіберіліп, тергеу амалдары жүріп жатыр. Іздеу жарияланды. Кезінде қылмысты тіркемеген қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, жұмыстан босатылды»,-деді Ішкі істер министр.
Министр Марат Ахметжанов қос тараптың татуласу нұсқасы қарастырылғанын да айта кетті.
«Мұнда ауырлығы орташа санаттағы іс қозғалған, тараптарды татуластыру да көзделген. Енді сотқа дейінгі толыққанды тергеу жүргізіліп, шешім қабылданады», — деп қосты министр.
Айта кетейік, спортшы Бейбіт Шүменовке мемлекетаралық іздеу жарияланды.
Ол 18 маусымда Астанадағы сауда орталығында қолына бала ұстаған ер адамды ұрып-соқты деп айыпталды.