Теміртау су тасқыны кезеңіне дайын ба?

Көктемдегі су тасқынын болдырмау мақсатында Теміртауда алдын алу жұмыстары басталып кеткен. Бұл туралы қала әкімі өткізген аппараттық жиында қозғалды.

Бүгіннің өзінде бірқатар каналдар мен арналар тазартылып, қорғаныс үйінділері орнатылған. Десе де күн жылынғанға дейін атқаратын іс-шаралар бар екен.  Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы айтып берді.

«Әлі екі жұмыс атқарылмаған. Оған Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі жауапты еді. Тәшенов көшесінде қорғаныш үйіндісін нығайту керек, Огородная көшесіндегі каналды тазарту маңызды. Тиісті хатты жібердік, шешім қабылданды. Енді наурыз айына дейін тазаланады»,-дейді қалалық ТЖБ басшысы Нұрмұхамед Интуев.

Алдағы күндері аталмыш жұмыстар жалғасып, тұрғындармен түсіндірме жұмыстары да жүргізіледі дейді құтқарушылар.

Бүгінгі таңда ТЖ департаментінің бөлімшесі су тасқыны кезеңіне дайын. Барлық инженерлік техника сақадай сай тұр. Сұрғы машиналары дайын. Тексерілген. Бүгінгі таңда бізде мұндай 9 мотопомпы бар. Олар өткен жылғы Ақтау кентіндегі су тасқынында өздерін жақсы көрсеткен,  — дейді басқарма басшысы.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз