Теміртауда «Көктем аруы — 2024» байқауының жеңімпаздары анықталды
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қарағанды индустриалдық университетінің Студенттер мәдениет үйінде «Көктем аруы – 2024» қалалық байқауы өткізілді. Гүлдей нәзік ару қыздардың өнері мен таланты сынға түскен байқауға қаламыздағы 7 оқу орнының сұлулары қатысты. Байқауды Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырған.
Арулар байқауы дәстүрлі сән көрсетілімінен басталды. Бойжеткендер өздерінің ерке күлкілерін, әсем қимылдарын көрсетіп, көрермен көзайымы болды. Ал, келесі кезеңде сұлулардың өнері сарапқа салынды. Әр қатысушы өздерінің таланттарын көрсетіп, шығармашылықтарымен таныстырды. Қыздардың таланты мен талабын Теміртау қаласы бойынша Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Арыстанова Наталья Ивановна және Теміртау қаласы тілдер ресурстық орталығының басшысы Қадырова Гүлнар Шайзуллқызы, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Олжабаева Гүлмира Серікқызы бағалады.
Қазылар алқасының шешімі бойынша, бас жүлде — «Көктем аруы — 2024» атағын Сағат Айғаным Асылжанқызы (ҚарИУ жанындағы ТЭК) иеленді. Оған жеңімпаз тәжі және 100 000 теңгелік сетрификат табысталды. Вице-Мисс «Көктем аруы» Бекназарова Аружан Бекзадовна (ТВПК колледжі) және Тургумбаева Жасмина Сайдулаевна (ҚарИУ) атанды, оларға да 50 000 теңгелік сетрификат берілді. «Өнерлі ару- 2024» -Граденко Анастасия Александровна (ТТК колледжі), «Инабатты ару — 2024» -Аделхан Арман (ТИТК колледжі), «Көрікті ару – 2024» -Нурмуратова Акгуль Туракбаевна (ТПТК колледжі) және «Білімді ару – 2024» — Алимханова Зарина Уалихановна (ЧУ ТМК Мирас колледжі).
Байқаудың жеті қатысушысы да жеңімпаздардың дипломдарымен, естелік ленталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Өз тілшімізден
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз