Теміртауда құрбан шалатын орын анықталды

Биыл Құрбан айттың бірінші күні 28 маусымға келеді, мереке үш күнге созылады. Теміртауда мал союға арналған 1 орын анықталды.
Мал сою пункттері келесі мекенжай бойынша жабдықталған:
— Западная көшесі, 33
Сондай-ақ, құрбандықты сайт арқылы онлайн режимінде жасауға болады: qurban2023.kz. Облыс тұрғындары офлайн және онлайн-құрбандықтар туралы толығырақ 8-702-131-03-12 телефоны арқылы біле алады.
Құрбан айт – мұсылмандардың Меккедегі қасиетті орындарға қажылығының аяқталуына орай құрбандық шалу мерекесі. Құрбандыққа шалынған малдың еті үш бөлікке бөлінеді. Біреуін мұқтаж адамдарға, екіншісін жақындарына немесе көршілеріне беру керек, ал үшіншісін өздеріне қалдыру керек.
Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні – демалыс күні.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз