Теміртауда тұрғын үй сертификаттарын беруге өтінімдер қабылданады

Теміртауда тұрғын үй сертификаттарын беруге өтініштер қабылдау басталды. Өтініштерді көп балалы әйелдер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ кезекте тұрғандар қатарындағы толық емес отбасылар бере алады.

Тұрғын үй сертификаттары кезекте тұрғандарға «Нұрлы жер» және «Бақытты отбасы» мемлекеттік жеңілдетілген несие беру бағдарламаларына қатысу үшін беріледі. Өтініш беру үшін кезекте тұрған адам «Отбасы банкіне» жүгінуі тиіс.

«Ипотекалық тұрғын үй қарызы мақұлданған жағдайда өтініш беруші Теміртауда тұрғын үй табады, «Отбасы банкінде» ипотекалық қарызды ресімдейді. Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның мөлшері мен ай сайынғы төлем сомасы туралы банктен хабарлама алады және біздің бөлімге жүгінеді, – деп хабарлады Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі. — Үш күн ішінде бөлім өтініш берушінің депозиттік шотына төлем жүргізеді. Естеріңізге сала кетейік, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқалары бар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендері бар көп балалы аналар, көп балалы отбасылар және толық емес отбасылар тұрғын үй сертификаттарын ала алады.

«Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік қызметін алу үшін қажетті құжаттар тізімі:

— өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балалардың) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

— Еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызмет бойынша соңғы алты айдағы табыстары туралы анықтама (отбасының барлық мүшелеріне (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларға));

— халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда, жұмыс орнынан анықтама;

— өтініш берушіге тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы, ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның сомасы, мөлшері және ай сайынғы төлем сомасы туралы мәліметтерді қамтитын екінші деңгейдегі банктің хаты.

Өтініштерді қабылдау және нәтижені беру жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін) жүргізіледі.

Мекен-жайы: Теміртау қаласы, Чайковский көшесі, 22, каб. 3.

Телефон 95-55-55.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз