Теміртаудағы жарылыс: үйінді астынан 50 литрлік газ баллоны табылды

Құтқарушылар Теміртау қаласында орын алған жарылыстың болжамды себебін атады. Үйінділерді аршу барысында 50 литрлік газ баллоны табылған. 

«Қазіргі таңда қоқыстарды тазалау жалғасуда. Үйінді астындағы көліктер, оның ішінде газ қондырғысы орнатылған көлік әлі табылған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында барлығы 183 адам мен 40 техника жұмылдырылды», — делінген қалалық ТЖ басқармасының хабарламасында.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Temirtau tynysy (@temirtau.tynysy)

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз