Теміртаулық жас мамандарға жеңілдікпен ипотека беріледі
Теміртауда «Отбасы банкі» арқылы жас мамандарды ипотекалық несиелеу бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды. Тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдікті несиені қала аумағында кемінде бір жыл тіркелген және үздіксіз тұратын 35 жасқа дейінгі жас мамандар пайдалана алады. Сонымен қатар Қазақстан азаматтығы болуы міндетті.
Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушылардың соңғы бес жыл ішінде мүлкі болмауы керек.
«Теміртауда жас мамандарды несиелеуге денсаулық сақтау ұйымдарының жас қызметкерлері, педагогтер, мәдениет қызметкерлері, бейінді мәдени ұйымдар, спортшылар және қалада тіркелген мемлекеттік ұйымдарда еңбек ететін жаттықтырушы-оқытушылар қатыса алады, – деп хабарлады Теміртау әкімдігі. – Мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, БАҚ-тың штаттық қызметкерлері, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жоғары оқу орындары мен мемлекеттік ұйымдардың штаттық қызметкерлері. Сондай-ақ техникамен, әртүрлі құрылғылармен, машиналармен, жабдықтармен және бағдарламалық жасақтамамен тығыз байланысты техниктер».
Бағдарламаға қатысушылардың ресми жұмыс өтілі өтініш берген кезде таңдалған қызмет саласында кемінде бір жыл болуы тиіс. Бұл ретте ол зейнетақы шотынан анықтама көшірмесімен расталуы тиіс.
Егер бағдарламаға ерлі-зайыпты жас мамандар қатысуға үміткер болса, онда екеуінің біреуі ғана несие ала алады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) Азаматтық хал-ахуалды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (балалардың тууы, қайтыс болуы, неке қию (ерлі-зайыптылық), некені (ерлі-зайыптылықты)бұзу;
2) өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама (анықтама өтінім берген күні алынуы тиіс);
3) ұйымның/мекеменің фирмалық бланкісінде берілген анықтаманың берілген күні, шығыс нөмірі, жұмысқа орналасу және атқаратын лауазымы мен лауазымдық жалақысы көрсетілген жұмыс орнынан анықтама. Ресми бланк болмаған жағдайда анықтамада ұйымның мөрі болуы тиіс;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар; (қызметтік тізім, еңбек кітапшасы және т. б.);
5) еңбек қызметінің барлық кезеңі үшін зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме;
6) өтініш берушінің немесе оның отбасы мүшелерінің (жұбайына, балаларына) мүгедектігі туралы анықтама (бар болса);
7) ерлі-зайыптылардың екеуіне де соңғы 6 айдағы табыстары туралы жұмыс орнынан анықтама (егер ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істесе).
Несиелеу бағдарламасына өтінімдерді қабылдау 1 ақпанда басталып, осы жылдың 1 наурызына дейін жалғасады.
Өтінімдер 10-20 наурыз аралығында өңделеді.
Нәтижелер 20 наурыздан 1 сәуірге дейін жарияланады.
Несие беру бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Құрылысшылар даңғылы, 47 (Достық үйі), 2-қабат, «Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ кабинеті, 15:00-ден 17:00-ге дейін (дүйсенбіден жұмаға дейін).
Сұрақтармен мына телефондар арқылы хабарласуға болады: +7-705-738-80-97, (8-7213) 900-277.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз