«Жырлаймын сені – Қазақстан» «Жауыртаудағы кездесу» форум-фестивалі аясында өтетін қалалық жыр мүшәйрасының ережесі

Мүшайраны ұйымдастырушы:
Теміртау қалалық Орталықтандырылған кітапханасы.
Мүшәйраның мақсаты:
• Дарынды жастарға қолдау көрсету, жоғары деңгейлі шығармаларды өмірге әкелуге ынталандыру, шеберліктерін шыңдау, жастардың шығар-ма¬ларын оқырмандар арасында насихаттау.
• Теміртау қаласына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, отансүйгіштік рухты жырладың тууына ықпал ету;
Мүшәйра тақырыптары:
• Ұлт жанашыры — Мағжан Жұмабаевқа арнау (1өлең)
• Патриоттық тақырыптағы өлең (1өлең)
Мүшәйраны өткізу тәртібі және мерзімі:
• 10 қазан – 16 қараша аралығында Теміртау қалалық орталық кітапханасында байқау жұмыстары қабылданады.
• 17 қараша — жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.
Мүшәйраның шарттары:
Мүшәйраға Теміртау қаласының 16 мен 28 жас аралығындағы қалам ұстаған талантты жастары қатыса алады.
Мүшәйраның талаптары:
• мүшәйраға қатысушы талапкер берілген тақырыптарға сай бұрын ешбір жерде жарияланбаған, бұған дейін ешбір байқауға қатыспаған авторлық өлеңдерін ұсынады;
• ұсынылған шығармалар жазбаша не электрондық нұсқада Microsoft Word файлды форматы түрінде (14 кегльде (шрифт), жоларасы 1 интервал, Times New Roman) жіберілуі керек; автордың шын аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, тобы, сыныбы, жауапты жетекшінің аты-жөні байланыс телефондары көрсетіле отырып жіберілуі керек;
Шығармаларды бағалау:
• өлең тақырыбының байқау мақсатына сәйкес¬тігі, шығарманың мазмұны, көркемдік сапасына назар аударылады;
• үміткерлердің байқауға ұсынылған шығармалары кері қайтарылмайды, пікір берілмейді, қазылар шешімі қайта қаралмайды;
• ұйымдастыру алқасы авторлардың өлеңдерін БАҚ беттеріне, жинаққа жариялай алады;
• мерзімінен кешіктірілген шығармалар сараптауға жіберілмейді.
Жүлде қоры:
Бас жүлде – біреу – 100 000(жүз мың теңге)
І орын – біреу – 75 000 (жетпіс бес мың теңге)
ІІ орын – біреу – 55 000 (елу мың теңге)
ІІІ орын – біреу – 40 000 ( отыз мың теңге)
Ынталандыру сыйлығы – екеу – 15 000 тенге ( әр қатысушыға он бес мың тенгеден)
Мүшәйраның қорытындысын шығару.
Қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының жұмысына төраға басшылық жасайды, шешім шығарады және қазылар алқасының шығарған шешімі үшін жауапты. Хатшы, қазылар алқасының шешімі бойынша хаттаманы рәсімдейді.
Мүшәйраға қатысушы үміткерлердің өлеңдері 2023 жылғы 16 қарашаға дейін Теміртау қалалық орталық кітапханасында қабылданады.
Қатысушылар өлеңдерін төменде көрсетілген эл.почтаға жіберу керек.
Электронды почта: olen_soz@list.ru
Байланыс телефондары: 7(7213)98-47-60, 8747-177-80-63,
Жеңімпаздар туралы хабарлама кітапхананың сайтында жарияланады.

 

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз