Ұланғасыр Қамиев төбелестің видеосына қатысты мәлімдеме жасады (видео)
Кеше әлеуметтік желіде жас жігіттің соққыға жығылған видеосы тараған болатын. Көпшілік видеодағы азаматтың танымал әнші Ұланғасыр Қамиев екенін және оқиғаның Үшарал қаласында болғанын айтты. Жетісу облыстық полиция департаментінің түсініктемесінен кейін әнші осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Қазақ елі, қалайсыздар? Бүгін Алматыдан Арқалық қаласына тойға келдік. Өкінішке орай, графиктің тығыз болуына байланысты, кеше қайда болғаным есімде жоқ. Жол ұзақ екен, осы жаққа келіп, желіні қоссақ, «Ұланғасыр Қами» деп шулап жатыр екен. Дос-жара, туған-туыс, оқырмандардың бәрі «Хәлің қалай? Не болды» деп сұрап жатыр. Хәлім жақсы, шүкір. Ондай видеодағыдай қатты ештеңе болмады. Енді ондай видеоға сене беруге болмайтынына қазақтардың еті үйреніп қалған шығар. Ол жерде расы бар, өтірігі бар. Сондықтан бәрі жақсы, шүкір. Көріп тұрғандарыңыздай, Аллаға шүкір», — Ұланғасыр Қамиев Instagram парақшасында.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз