Сарбаздарға қару табыстау салтанаты өтті
24 қаңтар күні 5451 әскери бөлімінің саптық алаңында 2-2023 сарбаздарына салтанатты түрде қару табыстау іс- шарасы толық құрамда өтті.
-Әскери антын қабылдаған күнінен бастап, әрбір жас жеткіншек сарбаз атанады. Бүгінгі күні жас сарбаздарға салтанатты түрде қару табысталып, бүгіннен бастап командирлерінің көмегімен өздері түсетін қызметтің қыр-сырын меңгеруге кірісіп жатыр, дейді 5451 әскери бөлімінің ТжӘҚЖ жұмыстары бөлімшесінің бастығы майор М. Таубаев
Ендігі кезекте әскери қызметшілер үшін қызметке түсу апталығы басталды, екі апта көлемінде сарбаздар өздерінің басты міндеті бекет сақшысы, Қарағанды қаласының қоғамдық тәртібін сақтау қызметі бойынша патрульші ретінде сынайтын болады.
ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз