Теміртау театры тегін актерлік мектеп ашады

Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театрында актер болу арманын жүзеге асыруға болады. Мұнда көктемде тегін театр мектебі ашылады.

Шығармашылық жастар кәсіби білім алу үшін пайдалы дағдыларды игеруге мүмкіндік алады. Мектепте актерлік шеберлік, сахналық сөйлеу және қозғалыс, пластика пәндері оқытылады. Театр тарихымен және шетел әдебиетімен таныстырады. Мектеп бітіргеннен кейін түлектерге сертификаттар беріледі.

Мектепке қабылдауға талаптар көп емес. Жас мөлшері 16-дан 35 жасқа дейін және оқуға деген ұмтылыс. Өтінімдер 28 ақпанға дейін қабылданады. Google-формасы таплинк сілтемесі арқылы толтырылады (Instagram-дағы театр профилінің басында: @temirtau.tuz).

Сабақтар аптасына үш рет өтеді. Толық кесте топ қалыптасқан соң құрылады.

Қабылдау комиссиясы іріктеп алған оқуға үміткерлерді іріктеудің екінші кезеңіне шақырады. Мұнда олар кіріспе шығармашылық тапсырма алады.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз