Теміртаудың экологиясы қашан оңалады?

Теміртаудың экологиясы 2025 жылдан бастап жақсарады-мыс. Бұл туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Қожықов мәлімдеді.

«Жаңа экологиялық нормаларға сәйкес 2025 жылы міндетті экологиялық сақтандыру енгізілуі тиіс. Ал “АрселорМитталға” қатысты айтатын болсақ міндетті экологиялық сақтандыруға көшу бойынша тиісті құжаттарын дайындап жатыр. 2025 жылдан бастап сондай үміт бар, жақсарады деген», — дейді Ерболат Қожықов.

Айта кету керек, Қарағандыда «Костенко» шахтасындағы апаттан соң инвестор «АрселорМиттал Теміртау» АҚ елден шығарылып, кәсіпорын мемлекет меншігіне өтетіні хабарланған болатын. Қазіргі таңда үкімет елдегі ең ірі өнеркәсіп ошағының жұмысын үйлестіру үшін инвестор іздеуде. Бұл ретте шетелдіктер емес, отандық қаржыгерлерге басымдық берілген. Оларға қойылып отырған басты талап кәсіпорынды жаңғырту, еңбек қауіпсіздігін сақтау және экологияға тигізілетін зиянды азайту. Жаңа инвестор бұл талаптарды орындай ала ма? Оны уақыт көрсетпек…

Өз тілшімізден.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз