Универсиада-2023: Қазақстан қоржынында сегізінші медаль

Биатлоншы Александр Мухин АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиадада ұлттық құрамаға сегізінші медальді еншіледі.

Александр Мухин жаппай жарыста екінші орында келіп, «күміс» жүлдені жеңіп алды. Ол Франция спортшысына 24.8 секунд есе жіберді. Ал, қола жүлдегер норвегиялық биатлоншы атанды.

Сондай-ақ, үздік ондыққа жарыста төртінші және жетінші болып мәреге жеткен қазақстандық Кирилл Бауэр мен Вадим Куралес кірді.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз